Жұртты алаңдатқан Жер туралы заң жобасы Мәжілісте талқынылатын болды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті Жер туралы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеп, жалпы отырысқа шығаруға дайын екендерін хабарлады.

Биыл Жер туралы заңға енгізілген мораторий аяқталады. Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында шұғыл түрде заң қабылдау керектігін айтқан болатын.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен ие болуына тыйым салуды енгізу, - деді Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы