Журналистке құзыреттілік шеңберінде көмектесуге әзірміз – вице-министр

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров  қысым көрген журналистерге қолдау көрсетуге дайын екендігін айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Сөз бостандығы индексінде Қазақстан  180 елдің арасында 124 орында тұр. Сала министрлігі осы тарапта қандай шаралар атқаруда деген БАҚ өкілінің сұрағына:

Журналистерге шабуыл жасау мәселесі тікелей министрліктің бақылауында. Бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселе. Мемлекет басшысы да бұл мәселеге үлкен мән беріп отыр. Қазір ашық талқылауда «БАҚ туралы заң» қарастырылуда. Осы заңда журналистерге жан-жақты қорғау, беделін арттыру мәселелері кеңінен қамтылған. Заң осындай мәселердің шешімін береді,-деді ол.

Сондай-ақ вице-министр белгісіз күштердің құрбанына айналған әрбір журналистке құзыреттілік шеңберінде көмектесуге әзір екенін айтты.

 Әлеуметтік желілердегі ақпараттарды қадағалау бойынша да сауалға жауап берді.

Егер заңда белгіленген заңбұзушылықтар орын алып жатса, құзыретті органдарға хабарлаймыз. Сайт басшыларына анықтама хат жібереміз. Заңға сәйкес заңбұзушылық материалдар алынбаса оны бұғаттаймыз,-деп жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: https://www.kp.ru/
Өзгелердің жаңалығы