Журналистерді қорғау комитеті Өзбекстандағы сөз бостандығын шектеу заңына қарсылық білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Журналистерді қорғау комиеті» (Committee to Protect Journalists, CPJ) Өзбекстан билігін жуықта бірқатар заңдарға енгізілген түзетулерден бас тартуға шақырды.
Комитеттің пікірінше, ол елде күзде өтетін президент сайлауы қарсаңындағы интернеттегі сөз бостандығын шектеу болып саналады, деп жазды centralasia.media.
Өзбекстанда қазан айында өтетін президент сайлауы жақындаған сайын билік азаматтардың пікірін еркін білдіруіне тосқауылды жаңа заңманалар арқылы жүзеге асырмақ сыңайлы. Егер өзбек елінің билігі әлем олардың шынымен либералдық реформаларды жүзеге асыруға ниетті екенін білсін десе бұл заңнан бас тартулары тиіс. Заң БАҚ-тың құқығын шектеп, сын хабарлама жазғандарды айыппұл және бас бостандығынан айыру жазаларымен үркітеді, -деді CPJ бағдарламаларының Орталық Азия және Еуропадағы үйлестірушісі Гульноза Саид.Қылымысытық кодекс, Әкімішілік кодекс пен Ақпарат туралы заңға бірқатар өзгеріс ел президенті Шавкат Мирзееевтің қол қоюымен 31 наурыз күні күшіне енген болатын.
Өзгерістер президентке желіде тіл тигізу, жала жабу, жаппай тәртіпсіздікке онлайн шақыру үшін бас бостандығына айыруды көздейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үндістанда тәуліктік өлім-жітімнің антирекорды тіркелді
Өзгелердің жаңалығы