Қазақстан Журналистер одағының Астанадағы филиалының төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Журналистер одағының Астанадағы филиалының төрағасы болып Шархан Қазығұлов тағайындалды. 

Шархан Қазығұлов – Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын Балхаш және Іле аудандық газеттерінің редакторы болып бастаған, сосын премьер-министр баспасөз қызметінің кеңесшісі, республикалық «Нұр-Астана» және «Айқара» газеттерінің бас редакторы, Қазақстан президенті баспасөз қызметі секторының меңгерушісі болған. Соңғы кездері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қоғаммен байланыс департаментінің сарапшысы болып қызмет атқарған. 

Шархан Қазығұлов Қазақстан журналистер одағы сыйлығының, түрлі халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты болып табылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы