Журналистер Наурыз мейрамын атап өтті

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын журналистер де атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазмедиа орталығында өткен мерекелік шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды.

Киіз үйлер тігілді.

Ұлттық ойындар асық ату, арқан тартыс, ләңгі тебуден жарыстар өтті.

Ұлттық дәстүрді ұлықтаған журналистер, министрге баланың тұсауын кестірді. 

Дәстүрлі әндер шырқалды.

Қара домбырамен күй шертіп, концерттік бағдарламалар ұсынылды.

Сондай-ақ ақпарат саласынба еңбек етіп жүрген БАҚ өкілдері марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы