Журналистер күні. Тоқаев бір топ азаматты марапаттады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

Президент өз сөзінде журналист – мәртебелі мамандық, ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы екенін алға тартты.

Сонымен қоса Тоқаев Қазақстанның саяси жүйесі түбегейлі өзгергенін айтты.

Шара барысында Президент зорлық-зомбылыққа тосқауыл болатын заңның маңызы туралы айтты. Оның сөзінше, еліміздегі әрбір шаңырақ қазақ отбасының үлгісіне айналуы керек.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы лудомания проблемасы ушыға түскенін және нағыз әлеуметтік індетке айнала бастағанына тоқталды.
 

Тоқаев жуырда «Масс-медиа туралы» заңға қол қойғанын атап өтті. Айтуынша, бұл өте маңызды құжат. Журналистердің мүддесі мен құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілген деп айтуға болады.

Сөз арасында Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерінің маңызды миссиясын атады.

Сондай-ақ Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты түрде жалғасатынын айтты.

Президент атап өткендей, Бүгінде Қазақстанда жүздеген тәуелсіз БАҚ пен медиаресурс бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы