Журналист Рүстем Рахимов қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ұран" РҚБ баспасөз хатшысы Рүстем Рахимов 34 жасында коронавирустан көз жұмды. 

"Ұран" қоғамдық бірлестігі Рүстем Рахимовтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Жақында Рүстемнің ата-анасы ауырып, оларға қамқорлық жасау үшін  ол туған қаласына кетуге мәжбүр болды. Алайда Рүстемнің өзі ауырып қалды. Бүгін таңертең ол көз жұмды. Өткен жылдың күзінен бастап Рүстем бізде баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді. Оның бірлестіктегі жұмысы қазақстандық қоғамның әлеуметтік саласында қоғамдық-саяси бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлесін тигізді. Ол өз ісінің шебері еді. Кәсіби ортада көптеген адам Рүстемді журналист, пиаршы ретінде біледі, кейбіреулері Рүстемнің ЕҰУ-да сабақ бергенін біледі. Журналистика және PR факультетінде студенттермен жұмыс істеді. Оның арқасында көптеген адам өздерінің кәсіби жолын тапты. Ол өзіндік із қалдырды, - дейді "Ұранда" бірге істеген әріптестері.

Олар атағандай, Рүстем мейірімді адам болды, қолынан келсе, көмек көрсетуден ешқашан бас тартпады. 
Ол өте сабырлы болатын. Кез келген жағдайды шешуге осы сабырлығы көмектесетін. "URAN.kz" РҚБ-ның ұжымы туған туыстарына қайғыра көңіл айтады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы