Журналист Михаил Козачковқа сот үкімі шықты

Сот журналист Михаил Козачковқа қатысты үкім шығарды. Ол 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Расында, Алматы гарнизонының әскери сотының үкімімен Михаил Козачков кінәлі деп танылып, шартты мерзімге сотталды. Ол қылмыстық кодекстің 147 және 274-баптары бойынша сотталды. Журналистік зерттеулерді дайындау кезіндегі кәсіби қателіктері үшін деп те айтуға болады, - деді Михаил Козачковтың адвокаты Елена Жигалёнок.

Адвокат Қаржы мониторингі агенттігінің тергеу тобы Козачковтың Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына еш қатысы жоқ екенін анықтағанын баса айтты.

Рейдерлікке қатысы бар деген айыптар алынып тасталды, Михаилге қатысты 249 және 262-баптар бойынша қозғалған қылмыстық іс ақтау негіздерімен қысқартылды, - деді ол.

Еске салайық, Козачков 2022 жылы 18 желтоқсанда ұсталған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: mgorod.kz
Өзгелердің жаңалығы