Журналист Элла Цой өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ телевизиясының даму жолында аянбай тер төккен журналист, продюсер, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Элла Цой қайтыс болды.
Ол 40 жылдай уақыт бойы "Qazaqstan" арнасында қызмет етті. Еңбек жолын 1978 жылы бастаған ол журналист, әкімші, бағдарламалар директоры қызметтерін атқарды. Еліміздегі бірлік пен ынтымақты, ауызбірлікті насихаттаған "Менің Қазақстаным" бағдарламасының жетекшісі болды. Оның әр жобасы телеарнаның "Алтын қорында" сақтаулы.
"Қазақстан" РТРК" АҚ ұжымы Элла Цойдың жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мектеп формасын кию талап етілмейді – министр
Өзгелердің жаңалығы