22 Мамыр 2025 2025, 20:51

Журналист Диас Ахметшәріп дүниеден озды

Журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Диас Ахметшәріп 49 жаста болған. Жақында инсульт алып, ауруханада комаға түскен болатын.

Ол еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.

Ұзақ жылдар «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасында спорт журналисі, «Қазспорт» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, Insport телеарнасының бас редакторы болған.

BAQ.KZ ақпарат агенттігінің редакциясы марқұм Диас Ахметшәріптің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады...