Жүргізушілерге ескерту. Бірқатар өңірде күн райы нашарлайды

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу облыстары мен Астана қаласында қалың тұман түседі. Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарын да тұман басып, қар жауады. Жолдың кейбір учаскесінде көктайғақ болуы мүмкін. 

11-13 наурыз аралығында Жамбыл облысында жауын-шашын жауып, күн күркірейді. Таулы аймақтарда тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетіп, жол жабынында көктайғақ пайда болу қаупі бар. Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жаяу бұрқасын, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы