Жүргізушілерді медтексеруден өткізудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды
Елімізде автобус жүргізушілерін рейс алдында медициналық тексеруден өткізудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған жүйе қан қысымын, жүректің соғу жиілігін, температураны өлшеу үрдісін автоматтандыруға бағытталып, қоғамдық көлікті есірткілік немесе алкогольдік мас күйінде басқарудың алдын алады.
Жүргізушілерге арналған кешенді рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеруден өткізумен айналысатын ұйым ұсынады.
Бүгінгі таңда жеке инвестициялар есебінен сатып алынған автоматтандырылған жүйе Павлодар қаласындағы №1 автобус паркінде істеп тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы