Жүргізуші қамауда: Үржарда үш баланың қазасына себеп болған жол апаты тергеліп жатыр

Абай облысының Үржар ауданында болған үш баланың қаза болуына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша облыстық полиция департаменті қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күдікті жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот санкциясымен оған екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінен.

Қылмыстық істің тергелуі Ішкі істер министрлігінің бақылауында.

Еске салсақ,  19 тамызда Абай облысы, Үржар ауданының Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен дәрігерлердің бақылауында.

Президент тапсырмасымен Астанадан Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік авиациясымен жеткізілді.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі қайтыс болған балалардың отбасына көмек көрсететінін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балаларға ота жасалып жатқанын, оларға медициналық көмек көрсетуге үздік мамандар тартылғанын хабарлады.

Белгілі болғандай, қайтыс болған балалар әжесіне қонаққа барған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы