Жүргізуші куәлігін 10 сәуірге дейін ауыстыру керек пе?

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде шұғыл арада жүргізуші куәлігін ауыстыру туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хабарламада көлік айдаушылар алдағы үш жылда мерзімі өтетін жүргізуші куәлігін шұғыл арада, яғни 10 сәуірге ауыстыруға тиістігі, жүргізуші куәлігін ауыстыру тек теориялық емтихан тапсырған соң ғана мүмкін болатыны айтылған.

Алайда ІІМ ақпаратты жоққа шығарды.

Жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:

• жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;

• мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат. Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді. Сонымен қатар көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сай жауапкершілікке әкеп соғатындығы туралы ескертеміз, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - Архив
Өзгелердің жаңалығы