Жүретін киіз үй жұртты сүйсіндірді

Әлеуметтік желіде ерекше видео қызу талқылануда. Онда киіз үй қырықаяқ сияқты орнынан қозғалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Видеодан киіз үйді бірнеше адам бірігіп көтеріп алып, ширақ қимылмен алға жылжытып бара жатқанын көруге болады.

Осыған орай желі қолданушылары киіз үйді "қазақша қырықаяқ" деп те атап үлгерді.

Видеоның нақты қай өңірде түсірілгені белгісіз. Кейбір пікірлер бойынша, бұл этнофестиваль немесе ауыл тойындағы көрініс. 

Желі қолданушылары бұл кадрларға түрліше баға беріп жатыр. Бірі ұлттық өнердің заманауи көрінісі десе, екіншісі "қазақтың тапқырлығы осындайда байқалады" дейді.

"Киіз үйді жүретіндей етіп ойлап тапқан біздің ғана ел шығар", "Бұлай жүре берсе, Еуропаға да жетіп қалар", "Көшпелі өмірдің жаңа кезеңі басталды!" — деп әзілдеген қолданушылар да аз емес.

Еске салайық, бұған дейін жас жұбайлардың ұлттық нақышта киіз үй ішінде гендер-пати жасағанын жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы