Жүрек ырғағының бұзылуы көп жағдайда өлімге әкелуі мүмкін - дәрігер

Бұл туралы Қазақстан аритмологтер қоғамының президенті, аритмолог дәрігер Аян Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетерлігі, елордада ҚР Президенті іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасында «Жүрек аритмиясын емдеу және кардиологтерге арналған жүрек электрофизиологиясы» дәстүрлі халықаралық конференциясы басталды.

2014 жылы елімізде аритмологтар қоғамын құрдық. Аритмология – Қазақстандағы жас сала деп айтуға болады. 2019 жылы қоғамымыз Еуропа жүрек ырғағы қауымдастығына қосылды. Бұл біздің аритмологтар ұйымына мүше маман Еуропалық ұйымға да мүше деген сөз. Аритмологтар мен кардиолог дәрігерлер үшін жыл сайын осындай жиындар ұйымдастырамыз. Біз отаны жүректің ішіне тамыр арқылы кіріп жасаймыз. Аритмологиялық аурулар кенеттен жүрек ауруынан болатын өлімдердің ішінде жиі кездесетіндіктен, дәрігерлердің біліктілігін арттыруда осындай конференциялардың маңызы зор, - деп атап өтті Қазақстан аритмологтер қоғамының президенті, ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аритмолог-дәрігері Аян Әбдірахманов конференцияның кулуарында берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, аритмология – кардиология, кардиохирургия, инженерия және рентгенология сынды бағыттарды біріктіреді. Кенеттен жүрек ауруынан қайтыс болудың алдын алады. Мұндай оталардың кенеттен жүрек ауруынан болатын өлім-жітімді азайтуға септігі мол.

Екі күнге жалғасатын ауқымды шарада Испания, Италия, Польша, Түркия, Ресей және Орталық Азия елдерінен 50-ден астам аритмолог мамандар бас қосып отыр. Конференция барысында аритмологиядағы скрининг, ерте диагностика, аурудың алдын алу, саладағы хирургияны дамыту, күрделі навигациялық жабдықты пайдалану, жоғары технологиялық операциялар сынды мәселелер қаралады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ПІБ Медициналық орталығының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы