Жүрек-қантамыр, респираторлық аурулар мен қант диабеті әлемдегі барлық өлім-жітімнің 71% құрайды
Алматы, BAQ.KZ. Жыл сайын 7 сәуірде әлемде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Бұл күн денсаулықтың маңыздылығы және ауруды дер кезінде алдын-алу қажеттілігін еске салады, сондықтан 2022 жылы осы халықаралық мерекенің ұраны болып «Біздің планета, біздің денсаулығымыз» тақырыбы таңдалды. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамның әл-ауқатының өсуімен денсаулық үшін негізгі қауіптер көп қозғалмайтын өмір салты, холестериннің жоғары деңгейі, темекі шегу, алкогольді тұтыну және т. б. мінез-құлық факторларына ауысуда.
Бұрын мінез-құлық қауіп-қатеріне қатысты жоғары қан қысымы, қандағы глюкозаның жоғары мөлшері, артық салмақ сияқты проблемалар қазір метаболикалық болып саналады. Олар инфекциялық аурулардың өсуіне әкеледі. Жүрек-қантамыр, респираторлық аурулар мен қант диабеті әлемдегі барлық өлім-жітімнің 71% құрайды. Олардың алдын алу көп жағдайда адамның өзіне байланысты болады. Бұл - тек салауатты өмір салты, дене қимылының белсенділігі, дұрыс тамақтану ғана емес, сондай-ақ дәрігерге уақытында қаралу, үнемі медициналық тексерілуден өту және дәрігердің ұсынымдарын орындау. Осының барлығы -денсаулықты сақтау және ұзақ өмір сүру, аурулардың алдын алу үшін қажет.
Осы мақсаттарды Қазақстанда 2013 жылдан бері іске асырылып келе жатқан Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) көздейді. Бұл бағдарламаға тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар дүние жүзінде ең кең таралған аурулар, яғни артериялық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі, 2 типті қант диабеті енді.
Құрамында учаскелік дәрігер, мейіргер, әлеуметтік қызметкер, Салауатты өмір салты орталығының қызметкері және психолог кіретін емхананың мультитәртіптік тобы пациентті ауруды асқындырмау үшін өз денсаулығын басқаруға, үйге шақырылатын жедел медициналық көмектің санын азайтуға және т.б. үйретеді.
АББ-ға қатысатын пациенттер дәрігерге аурудың ағымын нашарлататын қауіп факторларын жоя отырып, оларды денсаулығын емдеуге және сауықтыруға көмектеседі, осылайша олар өздеріне көмектеседі, яғни Бағдарламаға қатыса отырып, олар өз денсаулығын өздері басқарады. Пациенттер режимді, дәрі-дәрмекті қабылдау туралы үнемі есеп береді, өз денсаулықтарының жай-күйі туралы күнделіктерін жүргізеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі біздің институтқа Бағдарламаны ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу, өңірлерде оны енгізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, АББ индикаторларының электрондық базасы бойынша Бағдарлама индикаторларына мониторинг жүргізу үшін жауапкершілік жүктеген, - дейді Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы, м.ғ.д., профессор Роза Қуанышбекова.
Роза Тохтанәлиқызының айтуынша, бүгінгі таңда осы Бағдарламадағы пациенттер жақсы нәтижелерге қол жеткізді: олардың қан қысымы тұрақтандырылды, холестерин мен глюкоза көрсеткіштері жақсарды, олар жедел жәрдемді сирек шақырып және ауруханаға сирек жатқызылатын болды.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысатын артериялық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабет бар пациенттерді қамту 57,4%-ды құрады. Мұнда әрбір пациенттің АББ - ға ресми түрде тартылуы маңызды.
Мультитәртіптік команданың пациентпен әріптестік қарым-қатынасының, оны өзіне-өзі көмек көрсете білу дағдыларына үйретудің, денсаулыққа әсер ететін факторларды бақылауының арқасында нәтижелерге қол жеткізілді. Жалпы хал-жағдайы жақсарды, инфаркт пен инсульт жағдайлары, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы бойынша ауруханаға жатқызудың жаңа жағдайлары және т. б. азайды.
Француз жазушысы Жозеф Жубер: «Оқыту дегеніміз екі есе оқу дегенді білдіреді» деген екен. Мамандарды оқытуға да көп көңіл бөлу қажет. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандары 2021 жылдың ішінде аралас форматта 7 өңірдің мультитәртіптік командаларының 665 қызметкерін, олардың ішінде 246 дәрігер, 419 орта медицина қызметкерін оқытты. Оқытылған мамандар өз кезегінде жұмыс орындарында өздерінің әріптестерін оқытады.