Жүрегіне ота жасатқан адам аяқ астынан байып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық азамат жүрегіне ауыр ота жасатамын деп аяқ астынан байып кетті. Массачусетс штатының тұрғынына досы сауығып кету туралы тілек жазылған лотерея билетін тарту еткен деп жазады Lenta.ru.
Александр МакЛиш жүрегіне ашық ота жасалған соң досы бір сәттік лотереяның бірнеше билетін сыйлаған.
Билеттердің бірінде «Жүрек» деген сөз болған. Ал бірінші әріптердің астынан пациенттің аты-жөнінің бас әріптері шыққан. Билет ер адамға миллион доллар ұтыс әкеліпті.
МакЛиш жолы болғыш екенін алға тартты. Бірнеше жыл бұрын оған дәл осы досы туған күніне лотерея билетін ұсынған екен. Ол кезде МакЛиш мың доллар ұтып алған.
Америка тұрғыны лотереяның штаб-пәтеріне барып, ұтысын бөліп-бөліп алмай, бір реттік төлеммен алғысы келетінін айтыпты. Лотерея ережелеріне сәйкес, ұтыс сомасы салық төлемін шегергенде 650 мың долларды құраған.