Жүребеков жаңадан салынатын мұнай өңдеу зауыттары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков министрлік өткізген онлайн брифинг барысында айтты.

Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы бар. Қазір «ҚазМұнайГаз» компаниясы белсенді жұмыс істеп жатыр. Бастапқыда компания неміс компаниясымен жұмыс жүргізді. Оның қорытындысы бойынша құрылыстың құны тараптарды қанағаттандырмады. Қазір «ҚазМұнайГаз» өз күшімен жобалауды өздері жүргізді. Оның құны ақылға қонымды. Қазір инвесторлармен жұмыс жүргізіліп жатыр. 2024 жылы Жаңаөзенде газ өңдеу зауытын салып аяқтауымыз керек. Яғни, Жаңаөзендегі ескі зауыт жабылып, жаңасы жұмысқа кіріседі, - деді ол.

Вице-министр Қашаған кен орнындағы шикізат өндіру негізінде тағы бір газ өндіру зауытының құрылысы жүріп жатқанын айтты.

Оның аяқталуы мерзімі 2023 жылға келіп отыр. Қазір оның көлемін жылына 3 млрд текше метрге жеткізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жұмыстарды «ҚазТрансГаз» компаниясы жүзеге асырып жатыр, - деді Мұрат Жүребеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы