Жұқпалы аурулар ауруханасы қалыпты жұмыс режиміне көшті – Атырау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №2 Атырау облыстық клиникалық-диагностикалық қызмет жұмысын қайта жалғастырды, деп жазды azh.kz.

Бөлімше пандемия кезінде 2 жылдай жабылып қалды. Осы уақыт бойы стационар дәрігерлері көбіне ковидпен ауыратын науқастарды емдеді. Аурухананың «тұрақты» жұмыс режиміне көшуіне байланысты клиникалық-диагностика бөлімінде ашық есік күні өтті.

Бөлімшеде инфекционистер, эндокринологтар, невропатологтар, терапевтер мен аллергологтар, хирургтар кеңес береді. Бұдан басқа, компьютерлік томография, бактерио-серологиялық зертхана және клиникалық-диагностикалық зертхана, ФГДС, УДЗ кабинеті бар, – деп атап өтті аурухана директорының м.а. Надя ЕРҒАЛИЕВА.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы