Жұқа мұз – жасырын қауіп
Қарлы қыстан кейін қатып қалған мұздың көктем келіп, күн жылынған соң маусымдық еруі басталады. Осы орайда көктемгі кезеңде су айдындарында адамдардың қауіпсіздігі үшін Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті профилактикалық және практикалық іс-шараларды бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мұз еру кезеңінде Департамент қызметкерлері полицейлермен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Аса қауіпті учаскелерде су асты көздері шығатын жерлерде, көпірлердің астында, су өткізу орындарының жанында тексеру жүргізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары мен мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша арнайы үгіт қағаздары таратылады. Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Департамент қызметкерлері әкімдікпен бірлесіп жұқа мұздың қауіптілігі және мұзға шығуға тыйым салу туралы және ескерту белгілерін белгілейді.
Бүгінгі таңда елордадағы мұздың қалыңдығы 50-70 см, 10 см-ден аз жерлерде мұздан өту, мұзда балық аулау қауіпті екенін білдіреді. Көктемгі су тасқыны кезінде өзендердегі мұз борпылдақ болады. Онымен жүру өте қауіпті. Кез-келген уақытта ол аяқтың астына түсіп, адамның басына жабылуы мүмкін. Сондықтан есте сақтау керек. Көктемгі мұзда құлап кету оңай. Мұздың ыдырау процесі жағалауға жақын жерде тез жүреді. Қармен жабылған көктемгі мұз тез борпылдақ массаға айналады, - дейді Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов.
Мұз астында балық аулауға жеке құтқару құралдары ысқырық, құтқару шильці, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 миллиметр, ұзындығы кемінде 12 метр арқан, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон болған кезде жол беріледі. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалу керек.