Жұмыстан босатылғандардың орнына жұмыссыздар есебінде тұрғандарды қабылдау жоспарланып отыр
"West Oil Software" ЖШС компаниясының басшылығы компанияның шығындары туралы және ереуілге шыққан мұнайшылардың жұмысқа келуін күте алмайтынын туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар ертең, яғни 12 қаңтарға дейін оралмайтын болса жұмыстан босатылатынын ескертті. Олардың орнын еңбек биржасында өз кезегін күткен адамдар алады.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, наразылық акциясы 2023 жылдың 11 желтоқсанынан басталған. Бүгінгі таңда ереуілге қатысушылардың заңсыз әрекеттерімен жалпы шығын шамамен 499 млн теңгені құрады.
Бұл компанияның қаржылық жағдайына ғана емес, ереуілге шыққан жұмысшылардың отбасылық бюджетіне де әсер етеді,- делінген хабарламада.
Ұсынылған үш талаптың тек біреуі ғана заңды және орындалатын болып шықты. Бұл ретте сот ереуілді заңсыз деп таныды. Наразылық акциясы барысында ереуілшілерге бұл туралы бірнеше рет айтылды.
Компанияның ереуілге шыққан жұмысшыларды келіссөздер үстеліне шақыру әрекеттері сәтсіз аяқталды. Жекелеген белсенділер мұндай бастамаларға тосқауыл қойып, ереуілді тоқтатқысы келетіндерді басқаша ақпараттармен жаңылыстыру арқылы ұстап отыр. Алайда, олардың күш-жігеріне қарамастан кейбір жұмысшылар заңсыз акциялардың пайдасыздығын түсініп, одан бас тартты. 50-ден астам адам жұмысқа оралды. Жақын арада арандатушылыққа сенген адал жұмысшылардың едәуір бөлігі жұмысқа шығады деп күтілуде. Біз ереуілдің жекелеген көшбасшыларының мотивтері мен жеке қызығушылығын, сондай-ақ олардың осыған байланысты әрекеттерін білеміз. Бұрын жұмыстан шығарылған 7 белсенді үшінші тұлғалардың мүддесі үшін "West Oil Software" ЖШС жұмысына кедергі келтіріп, оның орнына басқа компанияны әкелуге тырысауда, - деп хабарлайды компания.
"West Oil Software" ЖШС басшылығы 2024 жылғы 12 қаңтардан бастап заңсыз ереуілдің жалғасуына түрткі болған қызметкерлерді жұмыстан шығаруға ниетті. Бұл ретте Қарақия ауданының Карьер орталығында жұмыссыздық бойынша есепте тұрған азаматтарды бос бос орындарға жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.
Егер мұндай әрекеттер тоқтатылмаса, компания тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына тиісті материалдарды беруге мәжбүр болатынын ескертеміз. Біз жұмысшыларды "ат басындай алтын" береміз деп уәде ететін, өзімшіл мақсаттарын көздейтін арандатушылармен келіспеуге шақырамыз. Біз парасатты болуымыз керек, отбасымызды адал еңбекпен асырап, балаларға дұрыс тәрбие беруге мүмкіндік берген компаниядағы тұрақтылықты бағалауымыз керек, - деді компания басшылығы өз қызметкерлерін сақтыққа шақырды.