Жұмыссыздар Жаңаөзенде аштық жариялады
Жаңаөзенде бір топ жұмысшы әкімдіктің алдына жиналып, аштық жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Lada.kz-тің мәліметінше, ғимараттың алдына жиналғандардың саны 25-ке жуық.
Олар талаптары орындалмайынша әкімдіктің алдында түнемек.
Осы уақытқа дейін бізге жұмысқа орналасу мәселесін шешуге көмек көрсетілмегендіктен, біз аштық жариялауға ниеттіміз, - дейді жиналғандар.
Айта кетейік, осыған дейін Жаңаөзендік мұнайшылар Астанаға тұрақты жұмыс пен жалақы талап етіп келген еді. Олардың талаптары қаралып, тиісті басшылармен келіссөздер жүргізілген болатын.
ВИДЕО: Lada.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шорт-трек: Италиядағы турнирде ел қоржынына екі алтын түсті
Өзгелердің жаңалығы