Жұмыссыздар көбеймей ме? 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы өседі
Жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жәрдемақы айырылған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді.
Төлем тағайындау тәртібі сақталады: бұл қызметті eGov.kz порталында және enbek.kz арқылы алуға болады.
2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылардың саны 101 мың адамға жеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балалар жылы. 33 жеңімпазға 3 млн теңгеден грант берілді
Өзгелердің жаңалығы