5 Тамыз 2020 2020, 18:05
Жыл басынан бері елімізде қанша адам жұмыссыз қалғаны белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ. Елімізде жұмыстан қысқарғандар саны артып келеді. Бұл туралы LS хабарлады.
Алматы, BAQ.KZ. Елімізде жұмыстан қысқарғандар саны артып келеді. Бұл туралы LS хабарлады.
2020 жылдың І жарты жылында елімізде 7 652 адам жұмыстан қысқарған. Оған статистика комитетінің мәліметтері дәлел. Ал, 2019 жылдың осы аралығында 12,5 мың адам жұмыссыз қалған.
Өңірлерге келер болсақ, Қарағанды облысында – 1537 жұмысшы қысқарған, Алматыда – 1 148, Атырау облысында – 558, Шығыс қазақстан облысында – 550, Нұр-Сұлтан қаласында – 452.
2020 жылдың қаңтар-наурыз аралығында кадрларды қысқарту кезінде 4 915 адам жұмыссыз қалған.
Сонымен қатар, кәсіпорындардың таратылуына байланысты 1333 адам жұмыссыз қалған. Оның ішінде Қостанай облысында – 162 жұмысшы, Алматы облысында – 138, Қарағанды облысында -106, Жамбыл облысында – 100 және Шығыс қазақстанда - 99, - делінген хабарламада.