Жұмысшылардың жалақысын төлемеген 719 кәсіпорынға айыппұл салынды
Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 781 кәсіпорнының 18,9 мың жұмыскер алдында 4 млрд 359,2 млн теңгеден астам берешегі барын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 719 нұсқама беріліп, 130,1 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 17,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд 234,1 млн теңге төленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы