Жұмысшылардың талабын орындап отырмыз. «Кезби» ЖШС директоры үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Кезби» ЖШС директоры міндетін атқарушы Ержан Кезбаев «Өзенмұнайгаздың» мердігер компаниясы «Кезби» мекемесінің бір топ жұмыскерлеріне үндеу жасады.
Қазіргі таңда Жаңаөзеннен Нұр-Сұлтанға келген «Кезби» компаниясының бір топ мұнайшысы биліктен өздеріне тең жалақы беруді сұрап отыр.
Компания 1992 жылы құрылды мекеме содан бері жұмыс істеп келеді. Құрылтайшысы менің әкем - Бітім Кезбаев. Қазір 26 бригадамыз бар. Бұл жеке компания. Биыл құырлғанына 30 жыл толып отыр. Бізде 1070 адам жұмыс істейді.
Ал ереуілдерге келер болсақ, 2019 жылы басталды. Былтыр жұмыскерлермен сөйлесіп, ақылдастық. Алайда 2021 жылы жиілей түсті. Кейін олардың талаптарын орындап, айлықты 50 пайызға көбейттік. Бүгінде туындап отырған наразалық ол жалақыны 20 пайызға көбейту және 12 сағаттық жұмыс уақытына ауысу. Кейін төрелік шешімі бойынша 12 сағат белгіленді, алайда 15 пайыз тек ауыр жұмыс істейтіндерге, яғни ұңғымалар мен жерасты ұңғымаларында күрделі жөндеу жұмыстарын істейтін бригадаларға берілді, - деді Ержан Кезбаев.
Оның айтуынша, жұмысшылар ұсынысын орындау мақсатында мердігер компания «Өзенмұнайгазбен» келісімге келген. Олар 5 мамырға дейін шешіп береміз деген.
Мәселені 5 мамырда шешіп берді. Бірақ біздің наразы жұмысшылар 19 сәуір кезінде жұмысты тоқтатып тастады. Бүкіл жұмысшылар тоқтаған жоқ, әрине. Қазір 75-80 пайызы жұмыс істеп жатыр. Бүгінде біз ереуілге шыққан жұмысшыларымызбен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз бірнеше рет 5 мамырға дейін күтейік деп ескерттік. Бірақ олар бізді тыңдамады. Айтарым, жалақы жағынан барлық талабын орындадық. Біздің есеп өнімдеріміз жұмыс істеуде. Ол, әрине оңай емес біз 1100-дей адамды теріп аударымыз қажат, -деп түсіндірді ол.