Жұмысшы жастар референдумға қоғамдық қолдау көрсету штабының өкілдерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазған қаласында «Ассамблея жастары» ҚБ төрағасы, Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының мүшесі Тимур Жұмырбаев пен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Жастар жұмысшылары одағының белсенділері арасында кездесу өтті.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.

Баяндамашы өз сөзінде референдум өткізу «Жаңа Қазақстан – Әділ Қазақстан» формуласының айқын дәлелі екенін атап өтті.

Тимур Жұмырбаев конституциялық түзетулер пакеті Екінші республиканың практикалық негізін жасауға мүмкіндік беретінін айтты.

Ол ұсынылған түзетулерде қарастырылған маңызды жаңалықтарға тоқталып, реформалар пакетінен қоғам қандай нәтиже алатыны туралы өз ойымен бөлісті. Ол кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан үшін маңызды кезеңде баршаны азаматтық құқықтарын пайдалануға шақырды.

Парламент пен жергілікті мәслихаттардың биліктің өкілді органдары ретіндегі рөлін күшейту қоғамның әртүрлі санаттарының мүдделерін тиімдірек есепке алуға мүмкіндік береді. Бұған жергілікті деңгейде мәслихаттарды құрудың мажоритарлық принципі басым бола отырып, сайлау жүйесіндегі өзгерістер де ықпал етеді. Мен бұл тұғырды жастарымыздың, соның ішінде өнеркәсіптік өндірісте жұмыс істейтіндердің мүддесін білдіру үшін пайдалана алатын, жастар арасында беделді көшбасшылардың жаңа мүмкіндіктерін көріп отырмын, – деді ҚХА жастар ұйымының жетекшісі.

Өз кезегінде сөз алған «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «JASTAR BOLASHAQ» Жастар жұмысшылары одағының басшысы, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Луиза Мінбаева жаңа қоғам құруға халықтың қатысуы саяси міндеттерді табысты жүзеге асырудың маңызды шарты екеніне тоқталды.

Жиын соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жастар ұйымдары мен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС өндірістік компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, бұл жұмысшы жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысты күшейтеді.

Бұл ретте құжатта облыс жастары мен кәсіпорынның еңбек ұжымдары арасында қоғамдық келісімді нығайту мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізу қарастырылған. Қол қойылған меморандум аясында жұмысшы жастардың белсенді өкілдері үшін облыстың киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы