Жұмысқа тұру үшін жарты миллион берген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының тұрғыны жұмысқа тұру үшін танысына жарты миллион теңге берді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өткен жылдың басында 27 жастағы ер адамнан таныстарының бірі жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен 500 000 теңге сомасында ақша алған. Алайда уәдесінде тұрмаған. Алданып қалған азамат уақыт өтсе де, полицияға жүгінуді жөн көрген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 28 жастағы қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады, -деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция қызметкерлері мұндай жағдайға тап болмау үшін тұрғындарды сақ болуға және алаяқтық жолмен мәселе шешпеуге шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сотталғандарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды
Өзгелердің жаңалығы