Жұмыс уақыты мен үстеме еңбек ақысы қалай есептеледі? Сарапшы түсіндірді

ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Бибарыс Тәңірбергенұлы жұмыс уақытының реттелуі мен үстеме еңбекке ақы төлеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ,KZ тілшісі.

ҚР Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Сонымен қатар, 79-бапқа сәйкес, жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген уақытының есебін жүргізуге міндетті. Бұл есепке жұмыс істеген және істемеген уақыттар, үстеме жұмыс, түнгі уақыттағы жұмыс, демалыс және мереке күндері, іссапар мерзімі бөлек енгізілуі тиіс, - дейді сарапшы.

Үстеме жұмысқа төленетін ақы:

  • 78-бапқа сәйкес, үстеме жұмыс тәулігіне 2 сағаттан аспауы керек, ал ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда – 1 сағаттан артық болмауы тиіс.
  • Үстеме жұмыс айына 12 сағаттан, жылына 120 сағаттан аспауы керек.
  • Қосымша еңбекақы белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі: жұмысшының күнделікті немесе сағаттық мөлшерлемесінің кемінде 1,5 еселенген көлемі төленуі тиіс.
  • Тараптардың келісімімен үстеме жұмыс үшін ақшалай төлемнің орнына қосымша демалыс уақыты берілуі мүмкін.

Жұмыс уақыты нормалары бұзылса, не істеу керек?

Егер жұмыс беруші заңсыз түрде жұмыс уақытын ұлғайтса немесе үстеме еңбек үшін тиісті төлем жүргізбесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Мұндай жағдайда жұмыскерлер мен олардың өкілдері e-Otinish платформасы арқылы аумақтық еңбек инспекциясына шағым түсіре алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы