Жұмыс орнындағы қысым – нақты қылмыс па?

Сексуалдық қысымға ұшыраған қызметкер не істей алады? Бас прокуратура бұл сұраққа түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда Қазақстан заңнамасында жұмыс орнында психологиялық немесе сексуалдық қысым жасағаны үшін қандай да бір жауаптылық жоқ. Сонымен бірге, Қылмыстық кодексте адамды жыныстық қатынасқа немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу ҚК-нің 123-бабында қамтылған, – делінген Бас прокуратураның BAQ.KZ тілшісіне берген жауабында.

Дегенмен, Қылмыстық кодексте жыныстық сипаттағы мәжбүрлеу үшін жауапкершілік қарастырылған. Мәселен, ҚК-нің 123-бабында адамды жыныстық қатынасқа немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүрлеу қылмыс ретінде көрсетілген. Мұнда бопсалау, мүлікті бүлдіру немесе алып қоюмен қорқыту, жәбірленушінің материалдық немесе басқа да тәуелділігін пайдалану сияқты әрекеттер – қылмыстық жауапкершілікке жатады.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 121-бабында сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жаза көзделген.

Егер қызметкер қысым көргенін сезсе, ол тікелей полицияға барып немесе "102" нөміріне хабарласып шағым түсіре алады. Қылмыстық істер Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес тергеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: жасанды интеллект
Өзгелердің жаңалығы