Жұмыс iстейтiн жастарға арналған баспанаға құжат қабылдау ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Елордада жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспана үшін құжаттар қабылдайтын Smart Astana порталының жұмысы қайтадан жөнделді, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.

2019 жылдың 11 қарашасында сағат 12.20-да Smart Astana порталының жұмысы қалпына келтірілді. Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 12 қарашасы сағат 22.00-ге дейін ұзартылды, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы