Жұмыс істеуден бас тартқандарға заңды қатаңдату керек – Еңбекмині
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Солтүстік Қазақстандағы Сергеевка ауылына дәнекерлеуші керек, "еңбекақысы 600 мың теңге" дейді. Сондай жерге бармай жатқан азаматтар бар. Бізде, біріншіден, бұл отбасынан басталады. Балаға еңбекке деген ынта отбасында берілуі керек. Қытайлардың отбасыларына қарсаңыздар, балалар қазір екі ауысымда оқиды, мектепте ұйықтайды екен. Жас кезінен бастап жұмысқа үйренген. Адамдарға 300 мың теңге беретінін айтып, жұмысқа шақырсаң, біліктілігі, білімі жоқ азаматтар 800 мың теңге сұрайды, - деп айтты Светлана Жақыпова.
Министрдің сөзінше, мұнда жалпы құндылықтар жоғалып бара жатыр.
Мұны тек тәрбиелік және идеологиялық тұрғыдан реттеу жеткіліксіз, оны заңнамалық түрде реттеу қажет. Адам жұмыстан бас тартқан жағдайларды заң жүзінде қатайту керек, - деп айтты ол.