Жұмыс берушілер қандай әлеуметтік аударымдар жасауға міндетті?

Әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда жұмыс істейтін қазақстандықтарға төлемдер қамтамасыз етілуі үшін қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізуге міндетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда жұмыс істейтін азаматтарды төлеммен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеуге міндетті. Бұл талап қолданыстағы заңнамада бекітілген.

2025 жылы әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі қызметкер табысының 5 пайызы көлемінде сақталады.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртібі

  • Ең төменгі табыс – 1 ең төменгі жалақыдан төмен болмауы тиіс (85 000 теңге).
  • Ең жоғары табыс – 7 ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленген (595 000 теңге).
  • Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналары есепке алынбайды.

Жұмыс берушілер әлеуметтік аударымдарды өз қаражаты есебінен, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуі тиіс.

Кімдер әлеуметтік аударымдар төлеуден босатылады?

Жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасы:

  • ерлер – 63 жас,
  • әйелдер – 61 жас.

Осы жасқа толған азаматтар үшін әлеуметтік аударымдар төлеу міндеті жойылады.

Әлеуметтік аударымдарды уақытылы немесе толық төлемеген төлеушілер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 256-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы