Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығында «ТКШ саласында мамандандырылған қауымдастықтармен диалог орнату» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған іс-шараны ұйымдастыру арқылы ТКШ нарығындағы ұйымдардың өзара байланысын нығайтудың тиімді жолдарын қарастыру көзделді.

Оның барысында салалық қауымдастықтар мен ТКШ цифрландыруға жауапты компания өкілдері ынтымақтастықты күшейтуге байланысты ұсыныстарын жеткізді. Бұған қоса дөңгелек үстелде отандық ТКШ саласын жаңғыртып, дамыту үшін салалық қауымдастықтарды барынша жұмылдыру мен өңірлерде түсіндіру жұмыстарына баса мән берілу керектігі туралы айтылды.

Бұл орайда Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының өкілдері мемлекет мен қоғам арасында тұрақты диалог пен конструктивті қарым-қатынасты жолға қою үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екендерін жеткізді.

Нарық қатысушылары ТКШ саласында жаңа бастамаларды іске асырып, өзекті мәселелерді заң жүзінде және өзге де нормативтік құжаттар арқылы шешудің жолдарын қарасстыруға уағдаласты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ИИДМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы