Жұманғарин: Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты екі есе өсті
Соңғы 10 жылда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 30 миллиард долларға жеткен.
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық жоғары кеңес отырысының кулуарында Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты екі есе өскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңғы 10 жылда Қазақстан Одақ елдеріне экспорт көлемін 5 миллиард доллардан 10 миллиард долларға дейін ұлғайтты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Ал тауар айналымы туралы айтсақ, ол 15 миллиард доллардан 30 миллиард долларға дейін өсті, - деп атап өтті вице-премьер.
Оның айтуынша, үшінші елдермен арадағы тауар айналымы да 60 миллиард доллардан 113 миллиард долларға дейін артқан.
Көптеген ел Қазақстанды ЕАЭО нарығына шығатын өндіріс алаңы ретінде пайдаланып отыр. Бұл өте ыңғайлы, өйткені бізде логистика жақсы дамыған, – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей мұнайын Қытайға тасымалдау арқылы Қазақстан қанша табыс табатыны хабарланды.
- Қарағанды облысында азық-түлік бағасын көтерген 155 кәсіпкер жауапқа тартылды 04:27
- Швейцария Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтті 03:40
- Алматы тауларында жоғалған екі жасөспірім аман-есен табылды 02:34
- «Ауыл» партиясы агросекторға арналған бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынды 01:38
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 312-ге жетті 01:29
- Respublica: Жақсы жалақы, баспана, білім мен медицина халыққа қолжетімді болуы тиіс 00:46
- ҚХП өңірлердегі өмір сапасының бірыңғай стандартын белгілеуді ұсынды 00:30