17 Қазан 2020 2020, 12:13
Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ. Жекпе-жек өнерінің майталманы Жалғас Жұмағұлов UFC-гі келесі кездесуінің уақыты мен қарсыласы кім екенін білді.
Алматы, BAQ.KZ. Жекпе-жек өнерінің майталманы Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі кездесуінің уақыты мен қарсыласы кім екенін білді.
Жұмағұловтың келесі жекпе-жегі жайлы оның қарсыласы Instagram-да мәлімдеді.
Кездесу 28 қараша күні Лас-Вегас қаласында өтеді. Отандасымыздың қарсыласы швециялық Амир Албази.
Айта кетсек, ол екеуі де шілде айында UFC-де өнер көрсеткен. Жұмағұлов төрешілердің даулы шешімімен жеңілсе, Албази жеңіске жеткен.