23 Қыркүйек 2026, 21:46 Фото: instagram / әлеуметтік желі

Жұмабек Жанықұлов: Шетелдегі әр қазақ Қазақстанның беделіне әсер етеді

Қазақстанды әлемге тек спортшылар ғана танытпайды. Бұл туралы белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов айтты.

Оның сөзінше, Олимпиада мен халықаралық жарыстарда Қазақстан туының көтерілуі елдің халықаралық беделіне әсер етеді. Алайда Қазақстанды әлемге таныту үшін міндетті түрде алтын медаль алу шарт емес. Спортшы күміс жүлде алып немесе жақсы өнер көрсетсе де, елге назар аударта алады.

Кәсіпкер шахматшылар мен өнер адамдарының жетістіктерін де мысалға келтіріп, әнші Димаш Құдайбергеннің халықаралық деңгейдегі танымалдығын атап өтті.

Жанықұловтың айтуынша, шетелге барған кез келген қазақстандықтың әрекеті ел туралы пікір қалыптастырады. Сондықтан қарапайым мәдениет пен тәртіптің өзі маңызды.

Шетелде жүрген әр қазақ – Қазақстанның елшісі, – деп атап өтті.

Кәсіпкер мұндай қарапайым әрекеттердің өзі Қазақстанның халықаралық беделіне, сонымен қатар елге инвестиция тартуға ықпал ететінін айтты.