Жұмабай Шаштайұлының төрт томдық толық шығармалар жинағы таныстырылды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлының төрт томдық толық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шара барысында қаламгердің 75 жылдық мерейтойына орай «Жылдар мен жолдар…» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді. Қатысушыларға туындыларына шолу жасалды.
Тұсаукесерге жазушының әріптестері, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының өкілдері, студенттер мен оқырмандар қатысты. Жинақта қазақи болмыс, ұлттық құндылықтар, адамгершілік мәселелері мен өмір шындығы көркем бейнеленген.
Кітап 3 000 дана таралыммен жарық көріп, еліміздегі жалпыға бірдей қолжетімді кітапханаларға таратылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ Венесуэла "ұрлаған" мұнай құқығын қайтарғысы келеді – Трамп
Келесі жаңалық
19 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы