Жұма күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 24 наурыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның бүкіл аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады.

Тек республиканың солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі.

Аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы