Жұма, 29 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 29 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Белсенді оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер бұрынғысынша Қазақстанның бүкіл аумағына өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, солтүстікте, орталықта бұршақ, желдің күшеюі, солтүстікте дауыл күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады. 

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы, Жетісу, Атырау облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады. 

Нұр-Сұлтан қаласында күн бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа жел ауысады, күші -9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +19+21°С градус болады. 

Алматы қаласында күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +21+23°С, күндіз +31+33°С болады. 

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +21+23°С, күндіз +35+37°С болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы