Жұма, 26 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 26 тамыз, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кең ауқымды және баяу қозғалатын антициклонның оңтүстік, оңтүстік-шығыс перифериясы бұрынғысынша еліміздің басым бөлігінің ауа райын  қалыптастырып, ашық және құрғақ ауа райын сақтайды.

Сондай-ақ Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсері сақталады. Осыған байланысты бұл өңірлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең шығыста, солтүстікте тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде аптап ыстық болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы