Жұма, 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 желтоқсанда Солтүстік циклон жырасы Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарына әсерін сақтайды, мұнда кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қазақстанның қалған аумағы антициклон жотасының ықпалында қалады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, солтүстігінде – жаяу бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, қөқтайғақ күтіледі, желдің күшеюі түнде кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, күдіз желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, қөқтайғақ күтіледі. Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.