"Жұлдыз болғың келе ме деп сұрайтын". Рэпер P. Diddy-дің тағы былықтары ашылды

Атышулы рэпер P. Diddy-ге (Шон Комбс) тағы екі адам арыз түсірді. Олардың қатарында 10 жасар бала мен 17 жастағы бойжеткен бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Dailymail-ге сілтеме жасап.

Бірінші жәбірленуші қазір бірталай жасқа келген. Ол 10 жасында актер және рэпер болам деген арманына жету жолында зорлық көргенін айтады. Жәбірленушінің ата-анасы ұлының болашағы үшін Нью-Йоркке музыка индустриясы басшыларымен байланысқан. Тіпті кеңесші жалдаған. Ол жақта 10 жастағы бала қонақүйде P. Diddy-мен кездесіп, келісім жүргізген. Одан "Сен жұлдыз болуды қатты қалайсың ба?" деп сұраған. Ол бұл жолда бәрін істеуге дайын екенін айтқан.

Арызда Диддидің командасы 10 жастағы балаға газдалған су берген. Кейін ол өзін біртүрлі сезініп, қатты қуанғандай сезімде болған. Жәбірленушінің сөзінше, рэпердің командасы оның сусынына есірткі қосқан.

54 жастағы рэпердің қорғаушы адвокаттары арыз берушінің айтқанын жоққа шығарды.

Бұрын айтқанымыздай, Комбс мырза әрбір жаңа пиарға жауап бере алмайды. Ол жалған ақпараттарға жауап бермейді, - деді олар.

Екінші жәбірленуші 2008 жылы 17 жасында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ол тек рэперден емес, оның күзетшілерінен де жәбір көргенін айтты.

Бүгінгі таңда екі жәбір көрген азамат та рэперден және оның компанияларынан өтемақы талап етіп отыр.

Өткен айдың басында Нью-Йорктің федерал сотына рэперге қатысты тағы 6 адамнан арыз түсірген еді.

Арызды екі әйел мен төрт ер адам анонимді түрде берген. Өйткені олар өз қауіпсіздігіне алаңдаған. Бір жәбірленуші Комбстен 16 жасында зорлық көргенін айтқан еді. Көптеген шағымда Комбс өзінің танымалдылығын пайдаланып, адамдарды сәнді кештерге шақырып, кейін арсыз істерге мәжбүрлеген.

Адвокат Тони Базбидің мәліметінше, қазіргі таңда Комбсқа қарсы 120-дан астам шағым дайындалып жатыр. Арыз берген 60 ер адам мен 60 әйел бар. Олардың ішінде 25-і кәмелет жасқа толмағандар.

Еске сала кетсек, 18 қыркүйекте 54 жастағы Шон Комбсқа "ірі көлемді қылмыстық іс жасады", "адам саудасы және тағы бірнеше қылмыс жасады" деген айып тағылған болатын.

Бұған дейін атышулы P. Diddy-ді тағы 6 адам сотқа бергені туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы