Жүлде қоры 1 млн доллар. Семейлік ұстаз әлемдік сайысқа қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінде орыс тілі және әдебиеті пәнінен сабақ беретін Мейрамгүл Жанаспаева «Әлем мұғалімі» сайысында бақ сынамақ, деп хабарлайды 24.kz.
30 жылдық еңбек өтілі бар ардақты жан бұған дейін Қазақстанның үздік ұстазы атағын жеңіп алған. Оның оқыту тәсілінің ерекшелігі мектеп бағдарламасына экология тақырыбын үйлестіре білген. Осының арқасында өзі жұмыс істейтін білім ордасы «Қазақстанның үздік экомектебі» атағын жеңіп алды. Егер жаһандық байқауда үздік атанып, топ жарса сыйлыққа бір миллион АҚШ долларын алуға мүмкіндік бар.
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы мен жаһандық «Әлем мұғалімі» байқауларының басты мақсаты ұстаз мәртебесін жоғарылату. Ал менің жетістігім – біздің мектеп ұжымының ортақ жұмысы, өйткені бұл жобаны әріптес ұстаздармен бірге атқарып келемін.Мектеп – кеме, білім – теңіз демекші, біздің міндетіміз шәкірттердің жүрегіне жылу сыйлап, бойына жасампаздық қасиеттерді сіңіре білу, – деді Мейрамгүл Жанаспаева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы