Жүлде алып, ел абыройын көтеру мен үшін мәртебе – Елдос Сметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында онлайн форматта өткен брифингте Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Елдос Сметов айтты.

Баршаңызға құттықтауларыңыз үшін алғыс айтамын. Қолдауларыңызды әрқашан сезінемін. Иә, бұл менің екінші Олимпиадам. Бірінші Олимпиадада «бұйырмай қалған алтын» деп ат қойып еді. Сол алтынды алу үшін еңбек етіп, күрестік. Мақсатымыз алтын болған. Дегенмен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бапкерлерімізбен, командамызбен бәріміз алтынға жол салдық. Бірақ бізге бұйырғаны қола медаль болып тұр. Оған да Аллаға шүкір!, – деді Олимпиаданың қола жүлдегері.
Онлайн брифингте Елдос Сметов қуанышын сөзбен айтып жеткізе алмайтынын айтты.
Жүлдесіз қалғаннан гөрі жүлде алып, еліміздің абыройын көтеру мен үшін үлкен мәртебе, - деді спортшы.
Еске сала кетейік, бүгін дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы