Жүкті әйелге салынған вакцина балаға әсер ете ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева хабарлады. Оның айтуынша, вакцинациялаудың жүкті әйелдерге төндіретін қаупі жоқ.

Жүкті әйелдерге де вакцинация жасау қажет. Мәселен, Еуропада жүктілердің вакцинациясы бойынша көптеген клиникалық зерттеу жүргізілді. Ал Ресейде қолға алынып жатыр. Біз жүкті әйелдер арасында коронавирус инфекциясы салдарынан түрлі жағымсыз салдар және асқынулар орын алғанының куәсі болдық. Сондықтан жүктіліктің 16 аптасынан 38 аптасына дейін індетке қарсы екпе алу қажет, - деп атап өтті мегаполистің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Одан басқа, ведомство басшысы екпенің болашақ ана мен баланың иммунитетіне қалай әсер ететініне тоқталды.

Жүкті әйел вакцинация алса, баласында да коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болады, - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Бүгінгі таңда әлемнің 20 елінде жүкті және босанған әйелдерге коронавирусқа қарсы екпе салу басталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Pfizer вакцинасының кімдерге салынбайтыны туралы жазған болатынбыз.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы