Ресейде жүкті әйелдерге «Спутник V» вакцинациясын алуға рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей жүкті әйелдерге «Спутник V» («гам-КОВИД-Вак») вакцинасын алуға  рұқсат етті, деп хабарлады Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко. Бұл туралы РИА НОВОСТИ порталы жазды.

Бүгін вакцинаның қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеудің оң нәтижелерін, сондай-ақ клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі кезеңдегі тиімділік пен қауіпсіздік бойынша жинақталған деректі ескере отырып, сарапшылар қауымдастығы «Гам-КОВИД – Вак» вакцинасын жүкті әйелдерде қолдануға қарсы көрсетілімдерді алып тастау туралы шешім қабылдады, – деді Мурашко COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі  кеңес отырысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы