Жұқпалы індеттен 23 науқас көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 19 сәуірдегі ақпаратты жария етті.

19 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 620 адам коронавирус инфекциясынан (38 218 КВИ+ және 402 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 147 пациент стационарда, 24 473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 674 адамның жағдайы ауыр;
• 176 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Сонымен қатар COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек те ұсынылды.

2021 жылғы 17 сәуірдегі мәлімет бойынша 35 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған. 87 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 51 879, өлім жағдайлары - 751, барлығы 50 726 адам сауығып шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы