Автомобильмен жүк тасымалдау бойынша 30 елмен келісім жасалды

Астана, BAQ.KZ. Автомобильмен халықаралық тасымал бойынша 30 елмен рұқсат бланкілері алмастырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік бүгінгі күнге дейін 30 шетелдік мемлекеттің құзырлы органмен рұқсат бланкілерін алмастырды және 129035 рұқсат бланкісін алды. Олардың қатарында Австрия, Әзербайжан, Бельгия, Болгария, Венгрия, Германия, Дания, Иран, Испания, Италия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Моңғолия, Нидерланды, Норвегия, Польша, Ресей, Словения, Түркия, Украина, Финляндия, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, Қытай, Түркіменстан қатарлы мемлекет бар.

Барлық үлестірілген шетелдік рұқсат бланкілері бөлу тәртібіне сәйкес аумақтық көліктік бақылау Инспекцияларына жіберілді.

Дипломатиялық арналар бойынша  11 мемлекеттен жіберілген (Ұлыбритания, Беларусия, Греция, Португалия, Румыния, Сербия, Словакия, Өзбекстан, Франция, Черногория, Иордания) шетелдік рұқсат бланкілері күтүлуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы